Мамин жыл соңына дейін Алматы метросының 2 станциясы құрылысын аяқтауды тапсырды

823

Қазіргі таңда метрополитеннің бірінші желісінің жұмыс істеп тұрған 9 метро станциясына қосымша "Сарыарқа", "Достық" және "Қалқаман" станциялары салынып жатыр 

Мамин жыл соңына дейін Алматы метросының  2 станциясы құрылысын аяқтауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың соңына дейін "Сарыарқа" және "Достық" станцияларында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, техникалық іске қосу жоспарланған. Бұл желінің жалпы ұзындығын 10,3 шақырымнан 15,9 шақырымға дейін, ал жолаушылар ағынын тәулігіне 46 мыңнан 93 мың адамға дейін арттырады.

2022 жылдың I тоқсанының соңына дейін іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау және станцияларды пайдалануға беру көзделген. "Қалқаман" станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Үкімет басшысы Алматы метрополитенінің бірінші желісінің II кезегін дамыту бойынша жоспарланған барлық жұмыстардың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу