Мамонт сүйектерін Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтпек болған ресейлік ұсталды

1190

Артефактілердің құны – 173 миллион теңге.  

Мамонт сүйектерін Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтпек болған ресейлік ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты артефактілердің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы жалпы салмағы 2 мың кг-нан асатын мамонттардың азуы мен жүнді мүйізтұмсықтардың мүйізін ҚХР-ға контрабандалық жолмен әкетуге тырысқан.

Тауарды жөнелтуші – Мәскеу қаласындағы ЖШҚ директоры. Палеонтологиялық материалдарды Қазақстан аумағына әкелу және одан әрі Қытайға жіберу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында ЖШС тіркеліп, директоры болып ресейлік тағайындалған.

Ұсталған азамат аса ірі көлемде экономикалық контрабанда жасады деген күдікке ілінді. 1 қазанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Мамандардың бағалауынша, артефактілер палеонтологиялық аретфактілердің ғылыми-тарихи, мәдени құндылығы бар әрі бірегей. Зерттелген қазба қалдықтарының барлық бөліктерінің құны – 173 миллион теңге.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдени құндылықтарды Қазақстан аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу