Қаржылық мониторинг агенттігі Астанада екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған, оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған.
Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиникалар басшысы алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген.
Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен.
Нәтижесінде клиникалар нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін Қор қаражатынан заңсыз түрде 682 млн теңге алған.
2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі – 364 млн теңге – клиникалар басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.
Сот санкциясымен оның мүлкіне: Испаниядағы қала сыртындағы үй, Астана қаласындағы пәтер, сондай-ақ автокөлікке тыйым салынды.
Тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.