МӘМС аясында сақтандырылғандарға қызмет көрсету тұрғысынан шектеулер жоқ

367

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында айтты. 

МӘМС аясында сақтандырылғандарға қызмет көрсету тұрғысынан шектеулер жоқ Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Бүгінгі таңда елімізде 3 млн-нан астам қазақстандықтың медициналық сақтандыруы жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

"Медсақтандыруы бар тұрғын бір айда 10 күн система алды. Екінші рет барса оған МӘМС аясында берілген ақшаның осы айда біткені, әрі қарай қызмет көрсетілмейтіні туралы айтылған. Бұл қаншалықты дұрыс?" деп сұрады журналист.

Ажар Ғиният бұл заңсыз екенін атап өтті.

"Министрліктен немесе Қордан әрбір медициналық ұйымға берілетін қаражатта бір адамға осыншама қызмет көрсету керек деген қандай да бір шектеулер көрсетілмеген. Медициналық көмек көрсетіліп отырған ұйымнан немесе денсаулық сақтау басқармалары арқылы қандай да бір медициналық ұйым өздерінің ережесін қойып отыруы мүмкін. Сондықтан бақылау керек", - деп жауап берді министр.

Ведомство басшысы мұндай жағдайда арыз жазуға да болатынын жеткізді.

"11 млн адамды Үкімет сақтандырып отыр. 5 млн-нан астам адамды өздері әрі жұмыс берушілері сақтандырып отыр. Қазіргі таңда медсақтандыруы жоқ адамдар МӘМС жүйесіне кіруі үшін жылына 42 мың теңге төлеуі керек", - деп түсіндіріп өтті Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу