МӘМС аясында тіс емдетуге мүмкіндік бар

609

Медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін жеке меншік тіс клиникаларында стоматологиялық  көмек алуға болады. 

МӘМС аясында тіс емдетуге мүмкіндік бар Фото: baq.kz

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет бөлімі жетекшісі Ләйла Иманғалиева стоматологиялық көмекті пайдалану жолдарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның дерегінше, амбулатория деңгейіндегі жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады және азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін көрсетіледі.

Ләйла Иманғалиеваның айтуынша, жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге ғана көрсетіледі. Ал, шұғыл стоматологиялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттарына ғана көрсетіледі.

Ал, Алматы қаласы бойынша медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін жеке меншік тіс клиникаларының тізімі  көрсетілген:

Стоматологиялық көмекке қатысты барлық сұрақтарды медицина ұйымы жанындағы Пациенттерді қолдау қызметіне жолдауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу