МӘМС бойынша тегін дәрі кім ала алады

550

Бүгінде тіркелген жері бойынша емханада тегін дәрі-дәрмектерді 49 түрлі дертпен ауыратын пациенттер ала алады. Негізгі шарт – науқас дерті бойынша есепте болуы керек. 

МӘМС бойынша тегін дәрі кім ала алады Фото: Фармвестник

Мұндай пациенттер үшін 347 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қарастырылған. Бұдан басқа, МӘМС сақтандырылушылары үшін 79 ауру бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тағы 265 атауы бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 75 бұйрығымен бекітілген нозологиялар мен қолжетімді дәрілер тізбесімен adilet.zan.kz сайттан танысуға болады.

Дәрі-дәрмекті алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне/ЖПД-ға жүгінуі керек. Ол науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазады. Рецептпен және жеке басын куәландыратын құжатпен емхананың дәріханасына хабарласу қажет.

– Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы егер ТМККК немесе МӘМС бойынша медициналық көмек алу, тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттармен қамтамасыз ету кезінде проблемаларға тап болсаңыз, медициналық ұйым жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне немесе әкімшілікке жүгінуге болтынан еске салады. Егер мәселе медициналық мекеме деңгейінде шешілмесе, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, SaqtandyryBot телеграм-боты, 1406 бірыңғай байланыс орталығы арқылы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына немесе медициналық сақтандыру Қорына жүгінуге құқылысыз, – дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы бөлімінің бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу