МӘМС: Елімізде қанша адам алдын ала бір жылға сақтандырылды?

561

МӘМС жүйесінде 2,6 мыңнан астам азамат алдын ала бір жылға сақтандырылған, деп жазады inbusiness.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

МӘМС: Елімізде қанша адам алдын ала бір жылға сақтандырылды? Фото: inform.kz

Оның ішінде Алматы, Астана қалалары және Алматы, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары бар.

Алдын ала бір жылға сақтандыру мәртебесін алу үшін 12 айға жеке-жеке 3000 теңге көлемінде төлем жасау керек. Осы тұста он екі айға бірден бір төлем жасауға болмайтынын ескерген дұрыс. Себебі жүйе әр айды жеке есепке алады. 

"Мысалы, сіз қазан айында 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қазаны аралығында жарналарды төледіңіз. Сақтандыру мәртебесі 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап пайда болады және барлық төленген кезеңге сақталады. Сонымен қатар сіз қосымша 3 ай сақтандырылған боласыз. Бірақ сол 3 айдың қарызын жабу керек болады", - делінген ӘМСҚ баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап бір жыл бұрын алдын ала сақтандырылуы механизмі іске қосылған болатын. Жаңа әдісті таңдаған кезде өткен жылы төленбеген айлар үшін төлем жасаудың қажеті жоқ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу