МӘМС енгізілгеннен бері қорға 655,2 млрд теңге аударылды

808

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылықтар жалпы сомасы 462,6 млн теңге бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

МӘМС енгізілгеннен бері қорға 655,2 млрд теңге аударылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Спикердің айтуынша жүйе енгізілген сәттен бастап медициналық сақтандыру қорына 655,2 млрд теңге түскен. Ал барлық қаражаттың бестен бір бөлігі оңтүстік астанаға тиесілі.

"2017 жылдың 1 шілдесінен,  2021 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде Алматы қаласынан МӘМС-ке түсетін түсімдердің жалпы сомасы 1,9 млн адам үшін 121,7 млрд теңгеден асты", – деп атап өтті спикер.

Түсімнің негізгі бөлігі немесе 89,7 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің аударымдары, қалған 32 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың салымдары. Сондай-ақ, 2019 жылдың басынан бастап 200 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылық 462,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төледі.

"Қор науқастарды тыңдап, кері байланыс арқылы олардың құқықтарын қорғайды.
Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының тұрғындарынан 103 288 өтініш түсті. Оның ішінде 157 алғыс хат, 100 мыңнан астам кеңес бар", – деп хабарлады спикер.
 
Еске салсақ, медициналық ұйымдар тарапынан құқықтар бұзылған жағдайда науқастар кері байланыс арналары, атап айтқанда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс орталығы мен fms.kz ресми сайты арқылы Қорға өтініш жібере алады. 

"Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады", – деп түйіндеді спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу