МӘМС: қайтыс болған науқастарға дәрі-дәрмек тағайындау фактілері анықталған

Науқас бір күнде 52 тісін емдеткен. 

МӘМС: қайтыс болған науқастарға дәрі-дәрмек тағайындау фактілері анықталған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "МӘМС жүйесін жетілдіру туралы" дөңгелек үстел барысында Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің сөзіне сүйенсек, жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22885 жағдай бойынша медициналық тексеріс жүргізіліп, мұндай көмек көрсетілгені расталмаған.  

"Тіркеу мәселесі бойынша үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Біз бір науқастың бір күнде 52 тісіне стоматологиялық қызмет көрсетілгені сияқты жағдайларды анықтадық. Тағы бір жағдай, медициналық ұйымның маманы айына 1600-ден астам оңалту қызметін көрсеткен. Мәселен айына 20 күн жұмыс істесе, 80 процедураны орындау үшін кем дегенде күніне 40 сағат қажет. Ал мамандар күніне 8 сағат жұмыс істейді. Мұндай жағдайларды анықтадық", - деді Ілияс Мұхамеджан. 

Сондай-ақ ол стационарда емделіп жатқан науқастарға емханада консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету фактілері, Қазақстан Республикасынан кеткен азаматтарды есепке алу арқылы қайтыс болған адамдарды тіркеу фактілері, қайтыс болған науқастарға дәрі-дәрмек тағайындау фактілері анықталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу