МӘМС: Қараша айында елорда бойынша 3,7 млрд теңгеге жуық жарна түсті

905

Биылғы жылдың қараша айында елордалықтар медициналық сақтандыру үшін 3,7 млрд теңгеге жуық жарна аударған. 

МӘМС: Қараша айында елорда бойынша 3,7 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Жыл басынан бері, яғни 2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында МӘМС үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 37,7 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz ӘМСҚ елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 қарашасы аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 95,8 млрд теңгеден аса соманы құрады.

"2021 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,7 млрд теңгеге жуық жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары – 1,73 млрд теңге, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1,94 млрд теңге. Осы аралықта бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған МӘМС жарналары 9,3 млн теңгеге жуық соманы құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі", – дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу