МӘМС коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 млрд теңге бөлді

748

Жеткізуші мекемелер мен медицина қызметкерлеріне 44 млрд теңге төленді.

МӘМС коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 млрд теңге бөлді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басқарма төрағасы Болат Төкежановтың мәлімдеуінше, халыққа көмек көрсету мақсатында 630 мекемемен шарт жасалып, стационарлық ем үшін 13, 14 млрд, қауіпті аймақтарда жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 38,1 млрд, ПТР-диагностикаға 5,2 млрд теңге бөлінді. 

"Бірінші кезекте тұрған маңызды міндеттерді жедел орындау үшін республикалық комиссия санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының тізбесі бойынша медициналық қызмет көрсететін мекемелермен тікелей шарт жасасу туралы шешім қабылдады. Қор маусым айының соңында жеткізуші мекемелерге көрсетілген қызметтер мен қауіпті аймақта жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне 44 млрд теңге төледі", – деді басқарма төрағасы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу