МӘМС қоры керек пе?

796

Бұл сұраққа жауап беруі үшін МӘМС ұйымына 1 күн мұрсат берілді.

МӘМС қоры керек пе?

27 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сынның астында қалды, деп жазады inbusiness.kz.  

Журналист "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ акциялары 100 пайыз мемлекеттік пе?" деген сұрақ қойды.

"Біздің коммерциялық емес акционерлік қоғам 100 пайыз мемлекеттік тұрғыда қаралады. Бір ғана акционеріміз бар. Ол Денсаулық сақтау министрлігі", – деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.

Бұдан бөлек МӘМС-ке ай сайын халық жарна төлейтіндігі, десек те денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімсіздігі туралы да айтылды. Бұл ұйым қаншалықты керек дегенге Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев нақты жауап бермеді.

"Бұл ұйым бойынша айтатын болсақ, олар үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Егер рұқсат етсеңіз, сіздің сұрағыңызға бұл кісілер (МӘМС ұйымының өкілдері) 1 күннің ішінде жауап берсе, дұрыс болады деп ойлаймын", – деп қысқа қайырды министрлік өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу