МӘМС қорын қалыптастыру кезінде ынтымақтастық қағидасы қолданылады

1335

МӘМС қорын қалыптастыру кезінде ынтымақтастық қағидасы қолданылады

Елена Бахмутова МӘМС жүйесі жинақтаушы емес екенін және жекелеген адамға жұмсалуы мүмкін нақты ақша сомасымен шектелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Мұнда ынтымақтастық қағидасы қолданылады, яғни жинақтаушы жүйесін қолданған жағдайда, 2 669 теңге көлемінде ай сайынғы аударымды төлеуі тиіс адам жылына шамамен 32 мың теңге жинай алуы мүмкін. Өз кезегінде, асқынбаған босану шамамен 82 мың теңге тұрады, ал айтарлықтай көп таралған қолқа қан тамырын шунттау операциясы шамамен 1,8 млн теңге тұрады. Осылайша, аталған қызметтерге жүгіну үшін жинақтау қорындағы сома жеткіліксіз болар еді", - деді Елена Бахмутова.

Осыған орай, оның айтуынша, ынтымақтастық жүйесі адамға өзінің салған жарнасының немесе аударымдарының сомасына қарамастан, өзіне қажетті медициналық көмек көлемін алуға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу