МӘМС: Нұр-Сұлтанда бір айда 3,5 млрд теңгеден аса жарна түсті

747

Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-маусым айларында медициналық сақтандыру үшін 19,7 млрд теңге жарна аударған. Ал маусым айында МӘМС үшін 3,5 млрд теңгеден аса жарна түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МӘМС: Нұр-Сұлтанда бір айда 3,5 млрд теңгеден аса жарна түсті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 маусымы аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 77,8 млрд теңгені құрады. 

2021 жылдың маусым айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,5 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,7 млрд теңгеге жуық, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 1,8 млрд теңгеден асады. Осы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 7196 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады", - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу