МӘМС Павлодардың медициналық ұйымдарына 21,8 млрд теңге төледі

1031

Павлодар облысында 63 медициналық ұйым тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді. 

МӘМС Павлодардың медициналық ұйымдарына 21,8 млрд теңге төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

Жыл басынан бері қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 487 млрд теңге төледі. Ағымдағы жылы медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл 2018 жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артық.

Павлодар облысында медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 2019 жылы 40,5 млрд теңгені құрады. Жыл басынан медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 21,8 млрд теңге төленді (53,8%).

"Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда", – деп атап өтті қордың Павлодар облыстық филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Павлодар облысында 63 медициналық ұйым тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді. Оның 30-ы – жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу