"Медициналық сақтандыру қоры пациенттердің шығындарын өтемейді. Егер қызмет көрсетілмеу медицина қызметкерінің кінәсінен болғаны дәлелденсе, тек медициналық ұйым медиация шеңберінде ақшаны қайтара алады. Ол үшін пациентті қолдау қызметіне немесе клиника басшылығына жүгіну қажет", – дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Медициналық қызмет алуда қандай да бір сұрақтар, мәселелер туындаған жағдайда, Медициналық сақтандыру қорына өтінішті кез келген кері байланыс арнасы – 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот @SaqtandyryBot және fms.kz ресми сайты арқылы қалдыруға болады.