"МӘМС-те болмасаң, медициналық көмекті ала алмайсың": Депутат мәселе көтерді

349

Бүгінде 3,5 млн қазақстандық бұл жүйеден тыс қалған.

"МӘМС-те болмасаң, медициналық көмекті ала алмайсың": Депутат мәселе көтерді Фото: qazaq.today

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"МӘМС-тегі бітпейтін мәселелер айтылған кезде әріптестерімізбен  осынша сапасыз жасалған дүние қайтадан бір ізге түсіп, түзелгенше халықтың қанын ішпей, мүмкін тоқтата тұру керек шығар осы дүниені деп айтқанбыз. Содан кейін бәрі орнына келгеннен кейін жүйені жүзеге асыру керек шығар дедік. Бірақ оған енді ешкім құлақ асқан жоқ. МӘМС-ке қатысты мәселеде оған қосылмаған 3,5 млн азаматымыз бар. Осы азаматтарды біз қалай қамтамасыз етеміз? Өйткені ауруханаларға барған кезде МӘМС-те болмасаң, тиісті керекті медициналық қызметтерді ала алмайсың. Енді бұның шешімі ретінде әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлықсыз азаматтарды жергілікті бюджеттердің есебінен қажыландыру деген жолы айтылды.  Бірақ енді мұны да бір толық шешім екенін айта алмаймыз, өйткені бюджеттің қаржысы онсыз да тиісті әлеуметтік салаларға жетпей жатқан кезде МӘМС-ке ақша бөлудің қандай негіздемесі бар?", - деп сұрады депутат.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазіргі таңда халықтың 84 пайыз ғана МӘМС-пен қамтылғанын айттын.

"Өзіңіз айтып кеткендей, МӘМС жүйесіне 3,5 млн азамат қамтылмай отыр. Бүгін бізде 84 пайыз ғана қамтылып отыр. Оның 11,6 млн-ы мемлекет тарапынан қаржыландырып отыр. 3,5 млн халыққа келсек, осының алдында да тиісті ұсыныстар айтылды. Дағдарысқа ұшыраған отбасыларды цифрлық карта есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесі. Мұнда басында үш категорияны қаржыландыру мәселесі көтерілген. Бұл 100 млрд теңгеге жуық қаражат және 2,5 млн халыққа көрсетілетін қосымша көмек. Бірақ жалпы декларациялаудың басталуына байланысты барлығы да синхронды түрде жүру керек, сонымен қатар көлеңкелі экономикамыз әлі күнге дейін толық ашылмаған мәселе болып қалғанына байланысты біз 2,6 млн (адамды) емес, ең соңғы категориядағы 192 мың азаматты, яғни 13 млрд теңгені қажет ететін азаматтарды жергілікті атқарушы органдар есебінен қамтамасыз ету жоспарлап отырмыз", - деп жауап берді министр.

Сөзінше, жақын арада ведомство цифрлық карта арқылы Е категориясына тоқтау бойынша ұсыныстар әзірлейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу