МӘМС-тегі былық: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың "тісін емдеген"

191

Бас прокуратура лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді сапасыз көрсеткендерді анықтады.  

МӘМС-тегі былық: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың "тісін емдеген" Фото: gov.kz

Түркістан облысындағы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

203 млн теңге көлемінде стоматологиялық қызмет жалған көрсетілген. Екі аффилирленген клиника өздеріне 3 дәрігерді рәсімдеп, электрондық төлем жүйесіне жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп 40 мың жалған стоматологиялық қызмет енгізген.

Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған науқасқа "қызмет көрсеткені" белгілі болды.

Сонымен қатар, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз 20-ға жуық маман қызмет көрсеткен. Олардың атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.

Тергеу нәтижесінде келтірілген залал толық өтелуіне байланысты іс тоқтатылды.

Тергеп-тексеру жүргізіліп, материалдар сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу