МӘМС-тің штаты қайта қаралып, шығыны қысқарады

642

Басқарушы директорларға жылдық сыйақы қарастырылмайды.  

МӘМС-тің штаты қайта қаралып, шығыны қысқарады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов қор күрделі өзгеріс алдында тұрғанын мәлімдеді. 

"Штат құрылымы қайта қаралады, қайталанатын функциялар алынып тасталады. Бұл мәселе орталық аппарат деңгейінде сарапталып жатыр. Кейін филиалдарда да жүзеге асырылады. Филиалдардың қызметі, өкілеттігі мен жауапкершілігі өзгереді. Кейбір қызметтер жергілікті жерлерге беріледі. Әңгіме тариф жасау, сатып алу және бюджетті жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау туралы болып отыр", – деді басқарма төрағасы.

Болат Төкежановтың сөзінше, 1 теңгеден астам шығын қысқартылады. 

Еңбекақы 119 млн теңгеге азаяды. Басқарушы директорлар үшін жылдық сыйақы қарастырылмайтын болады. 

"Күрделі шығындар 277 млн теңгеге азаяды, жиһаз бен ұйымдастыру техникасын сатып алудан бас тартамыз", – деді басқарма төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу