МӘМС төлемегендерге медициниалық көмек көрсетілмеуі мүмкін

285

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ азаматтарға кейбір медициналық көмектер көрсетілмеуі мүмкін.

МӘМС төлемегендерге медициниалық көмек көрсетілмеуі мүмкін Фото: RAWPIXEL

Аталған жүйеге тіркелмеген тұрғындарға көлік жүргізу құқығынан айыру мен қатар бүгін тағы жаңа шектеу ұсынылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министірінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. 

Атап айтқанда, сақтандыру жарнасын төлеймейтін отандастарымызға дәрігерге жазылуға, белгілі бір медициналық анықтамаларды алуда шектеу қойылмақ. Министрлік бұл  ұсыныс халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жасалды дейді. 

"Бұл ұсыныс әлі мемлекеттік органдар мен қоғам және депутаттармен бірге жан-жақты талқыланады. Мәселен, Германия, Нидерланды, Ресей секілді елдерде бұл шектеулер бұрыннан бар. Тек шектеулер ғана емес, онда азаматтарға айыппұл да қарастылырылған. Тіпті шетелдерде сақтандырылмаған адамдар мемлекеттік қызмет ала алмауы мүмкін", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ вице-министр елімізде балалар арасында қызылша дертінің дендеуіне байланысты екпе егу жұмыстары күшейтілетінін жеткізді. Қазір  жұқпалы дертті жұқтырған жасөспірімдер саны 11 мыңнан асқан. Жағдай әсіресе Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл және Алматы облыстарында ушыққан. 

Вице-министрдің сөзінше олардың 85 пайызы вакцина алмаған балалар. Ал 83 пайызы 14-ке де толмаған. Екпе егу жұмыстары 6 мен 11 айлық сәбилер және 2 мен 5 жасқа дейінгі балаларға да жүргізіледі. Дегенмен, вакцина алудан бас тартып жатқан ата-аналар да жоқ емес. Олардың дені әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенген азаматтар дейді вице министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу