МӘМС туралы тұрғындар №1 қалалық аурухананың баспасөз қызметінен біле алады

1199

МӘМС туралы  тұрғындар №1 қалалық аурухананың баспасөз қызметінен біле алады

Бірінші медициналық сақтандыруға қажетті сома 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бөліне бастайды. ММС жынысы мен жас мөлшері, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы мен кіріс табысына қарамастан сақтандыруы бар ҚР барлық азаматтарына әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебіне медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алуға теңдей мүмкіндік беруге кепілдік береді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Астана қаласы әкімдігі №1 қалалық ауруханасында барлық азаматтар үшін аталмыш реформаға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Онымен бірге әкімшілік қызметкерлер мен дәрігерлер спикер ретінде азаматтардың кез-келген сұрақтарына екі тілде жауап береді. 

-  "Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру" деген не және ол қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер береді?

-  Міндетті сақтандыру құнын кім төлейді және қанша мөлшерде? (мемлекет, қызметкерлер, жұмыс берушілер, ЖК сияқты өзінің жеке ісі бар азаматтар)?

-  Халықтың қай санаты заң бойынша міндетті сақтандыру Қорына жарна төлеуден босатылады (мемлекет кім үшін төлем жасайды)?

-  Мемлекет кепіл беріп отырған тегін медициналық қызмет көмегінің  ішіне қандай қызметтер кіреді? (көрсетіліп отырған кейбір медициналық көмектің қай түрі сол тегін күйінде қалады)

-  ҚР-да ММС-дың шарттары бойынша ұсынылып отырған қандай медициналық қызметтер кіреді? (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), (Медициналық сақтандыру Қорына жіберілетін жарнаға қандай медициналық қызметтерге төлем жасалынады)?

-   Шетелдіктер мен оралмандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

-  Міндетті сақтандыруға аударылатын ақша қайда түседі, жарна төлемейтіндердің есебін кім жүргізеді, бақылауда ұстайды?

-  Елімізде енгізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандырудың мақсаты қандай, ол не үшін енгізгелі отыр?

Қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш аурухананың баспасөз-қызметіне барып, өздерін қызықтырған кез-келген сұрағына жауап ала алады. Әлеуметпен жұмыс істеуге арнайы бекітілген жауапты қызметкер - Ұлан Дәулетханов +77012029292. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу