МӘМС жарналарын төлеуден босату кезеңінде кәсіпкерлер жұмыскерлерді қалай сақтандырады

971

Жұмыс берушілер әр айдың 25-нен кешіктірмей қызметкерлердің тізімін электронды форматта ұсынуы керек. 

МӘМС жарналарын төлеуден босату кезеңінде кәсіпкерлер жұмыскерлерді қалай сақтандырады

Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 29 санат бойынша 2020 жылдың 1 қазанына дейін жалдамалы қызметкерлердің МӘМС жарналарын төлеуден босатқан. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлер жұмыскерлерді сақтандыра алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жеңілдік кезеңінде жұмыскерлерді сақтандыру мақсатында жұмыс беруші үшін келесі шаралар алгоритмі жасалды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтының msb.fms.kz/login сілтемесін қараңыз.

"SAQTANDYRY ақпараттық жүйесіне заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің электронды цифрлық қолтаңбасымен тіркелу қажет. Пайдаланушы келісіміне қол қойыңыз. Жеке кабинетке өтіп, келесі деректерді толтырыңыз: электронды пошта, телефон нөмірі және ұйым түрі. Файлды импорттау (EXCEL) арқылы қызметкерлердің ЖСН қосыңыз немесе жол бойынша енгізіңіз. Кейіннен мәліметтерді жаңартып отыру керек. Егер шағын және орта кәсіпкерлік жұмыскерінің деректері SAQTANDYRY жүйесіне кірмесе, онда ол QOLDAU 24/7 қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеу арқылы өздігінен енгізе алады", – дейді әзірлеушілер.

Жұмыс берушілер әр айдың 25-нен кешіктірмей қызметкерлердің тізімін электронды форматта ұсынуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындары келесі алгоритмді ұстануы қажет.

"Тіркеліп, электронды пошта мекен-жайы, тегіңіз, атыңыз, ЖСН, телефон нөміріңізді көрсетіңіз, төменгі оң жақ бұрыштағы" Бізге жазыңыз" түймесін басыңыз. "Кеңес беру" санатын, тұратын аймақты таңдаңыз. "Өтінім мәтіні" жолағында жұмыс берушінің БСН/ЖСН және қызметкердің ЖСН көрсетіледі. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты тіркеп, "Хабарлама жіберу" түймесін басыңыз, "1406 байланыс орталығына өтініштер" бөліміндегі өтінімнің күйін тексеріңіз", – дейді сарапшылар.

Айта кетейік, МӘМС жүйесіндегі күй 30 минут ішінде жаңартылады.

МӘМС жарналарын төлеуден босатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысынан табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу