МӘМС жарнасын есептеудегі табыстың жоғары шегі қайта қаралады

200

Медициналық көмектің бірыңғай пакетін қарастыратын заң жобасы әзірленеді.  

МӘМС жарнасын есептеудегі табыстың жоғары шегі қайта қаралады Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Денсаулық сақтау саласында келесі шаралар қамтылады. Біріншіден, кепілдендірілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің Бірыңғай пакетін қарастыратын Заң жобасы әзірленеді. Ол өз кезегінде жүйені толық қаржыландыруды талап етеді. Сондықтан жобада қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтар үшін жарнаны  жергілікті бюджет есебінен төлеу, сондай-ақ, жарнаны есептеудегі табыстың жоғары шегі және төлемдердің ставкаларын қайта қарау көзделуде", - деді Дүйсенова.

Денсаулық сақтау министрлігі даярлаған заң жобасы осы айдың соңына дейін Үкіметке енгізілмек.

"Екіншіден, жүйені толық цифрландыру бойынша тиісті Жол картасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Оның аясында осы жылдың соңына дейін медициналық сақтандыру қорын цифрландыру аяқталады. Келер жылдың соңына дейін бірыңғай Ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланған", - деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу