МӘМС жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұр

764

МӘМС пакеті арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артады. 

МӘМС жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұр Фото: РБК

Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат Үкіметтің бастамасымен әзірленген. 

"Жоба негізгі үш бағыттан тұрады.  Біріншіден, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни, 57 пайыздан 32 пайызға дейін қысқарту. Сәйкесінше МӘМС пакетін 68 пайызға дейін ұлғайту. Екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғарғы шегін 10 еселенген ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру. Үшіншіден, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық деңгейлерге жататын азаматтар үшін МӘМС-ке жарналар төлеу көзделіп отыр",  деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу