МӘМС жүйесінде өзгерістер бола ма? Медсақтандыру қоры жауап берді

225

Петиция үкімет деңгейінде қарастырылу үшін 50 мыңнан астам дауыс жинауы керек. 

МӘМС жүйесінде өзгерістер бола ма? Медсақтандыру қоры жауап берді Фото: doc.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов МӘМС жүйесін өзгертуге қатысты петиция бойынша не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыруда ынтымақты жауапкершілік моделі қолданылады.

"Егер сіз бүгін жарна аударатын болсаңыз, бұл мұқтаж жандарға (медициналық көмек көрсету үшін) кетеді, сізге медициналық көмек қажет болған жағдайда – онда қаржының жалпы көлемі есебінен сізге медициналық көмек беріледі. Алайда қазір петиция бойынша пікір білдіргім келмейді. Оның уақыты келеді", - деп қысқа қайырды Әбілқайыр Сқақов.

Петицияда көрсетілген талаптардың бірі – жеке кәсіпкердің қандай да бір айда табысы болмаса, сол айда аударым жасаудан босату.

"Кәсіпкердің кірісі болмаған жағдайда, онда ол өзінің қызметін тоқтата алады. Егер де қызметі тоқтатылатын болса, онда декларацияны ұсыну да тоқтайды, бұл салықтар мен МӘМС жүрмейді деген сөз", - деп нақтылады спикер. 

Әбілқайыр Сқақов қазақстандықтардың бірнеше табыс көзі болса да, тек бір табыс көзінен аударым жасауға мүмкіндігі болу талабына қатысты да пікір білдірді.

"Сіздің жалақыңыз жоғары болып, бірнеше жерде жұмыс істеген күннің өзінде белгіленген жоғарғы шегі бар. Бұл айлық 850 мың теңге болса, 17 мың теңге жарна деген сөз", - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы.

Айта кету керек, қазақстандықтар МӘМС жүйесін өзгертуді талап етіп, петиция дайындаған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу