МӘМС жүйесіне қосылғысы келетін азаматтар неге бір жылдың төлемін жасайды?

216

Ол үшін заңға өзгеріс енгізу қажеттігі туындайды. 

МӘМС жүйесіне қосылғысы келетін азаматтар неге бір жылдың төлемін жасайды? Фото: aikyn.kz

Бұл туралы бейсенбі күні өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Редакция тілшісі "МӘМС жүйесінде тіркелгісі келетін, яғни сақтандыру мәртебесі жоқ азамат соңғы 12 айдың төлемін жасауы керек. МӘМС жүйесінен миллиондаған азамат тыс қалған деп айтып отырсыздар. Оларға неге жеңілдік ұсынылмайды? Бәлкім, 12 айды 3 айға дейін қысқарту керек шығар. Неге олар өткен жыл үшін жарна төлеуі керек?" деп сұрады.

"МӘМС туралы заңда осындай талап көзделген. Барлық азамат, кәсіпкерлердің МӘМС жарналары 12 айдың ішінде үзілмей төленуі керек. Бұл – басты талап. Оны өзгерту үшін заңға өзгеріс енгізу керек", - деп қысқа қайырды спикер.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңда сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар медициналық көмекті қалай алуына болатыны көрсетілген. Оған сәйкес, азаматтар төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай әрбір ай үшін жарналар төлейді.

Айта кету керек, осыған дейін бақуатты қазақстандықтар төлейтін МӘМС жарнасының мөлшері артуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу