Биыл мамырда ҰҚК СЖҚК 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылды.
85 қылмыстық істің тергеуі аяқталды, оның 66-сы сотқа жолданды.
Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 1,5 млрдтеңгені құрады. Бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылды. Бағасы 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу