Мамыр айында банктердің несие беру көлемі 0,7 пайызға ұлғайды

991

Мамыр айында банктердің несие беру көлемі 0,7 пайызға ұлғайды

2017 жылдың мамыр айында Қазақстан экономикасы банктерінің кредиттеу көлемі 0,7 пайызға артып, 12 трлн 606,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел валютасындағы несиелер көлемі 1,9 пайызға кеміп, 3 млрд 702  млн 9 мың теңгені құрады. Несиелердің теңге бағамындағы салыстырмалы көлемі бір ай ішінде 70 пайыздан 70,6 пайызға өскен.

2017 жылдың мамыр айында берілген несиелердің көлемі сәуір айымен салыстырғанда 13,8 пайызға артып, 882,4 млрд теңгеге жетті. Бұл 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда, жаңа несиелерді беру көрсеткіші 18,7 пайызды құрады.

Ал 2017 жылдың мамыр айында берілген қарыздардың орташа пайыздық көрсеткіші 14,3 пайызға дейін азайды.
Мамыр айында берілген жаңа несиелердің 90 пайызы теңгемен берілген, олардың басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі.

Сонымен қатар, банктік емес заңды тұлғалар тұтынған ұлттық валютада берілген несиелер көлемі 506,4 млрд теңгені құрады. Несиелердің көлемі сәуір айымен салыстырғанда 17,7 пайызға, 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 17,8 пайызға ұлғайған.

Жеке тұлғаларды ұлттық валютамен несиелендіру 2017 жылдың мамыр айында алдыңғы аймен салыстырғанда 11,3 пайызға немесе 28,6 млрд теңгеге; ал былтырғы жылдың мамыр айымен салыстырғанда  59,9 пайызға немесе 105,5 млрд теңгеге артқан.
Шетелдік валютадағы несиелер болса 2017 жылдың мамыр айында 2,2 пайызға ғана ұлғайған. Ал өткен жылмен салыстырғанда салыстырғанда 31,3 пайызға, яғни 42,9 млрд теңгеге артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу