Мамыр айында инфляция 0,6% өсті

458

Ақылы қызметтердің бағасы – 0,7%, азық-түлік және оған жатпайтын тауарлардың әрқайсының бағасы 0,5%-дан өсті.

Мамыр айында инфляция 0,6% өсті Фото: No News

Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 11,5%, теміржолға – 2,5% байқалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 2,9%, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері – 1,7%, денсаулық сақтау қызметтері 1,4% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен, қырыққабат 23,8%, пияз 9,9%, жүзім 9,6%, сәбіз 8,6%, алма 5,3%, картоп 4% қымбаттаған. Бағаның өсуі, сондай-ақ күріш – 2,5%, салқындатылған сусын – 1,9%, сүт – 1,8%, шай – 1,6% бойынша байқалды. Осы ретте қияр 39,6%, қызанақ 23,7%, тәтті бұрыш 7,6%, қарақұмық жармасы 4%, банан 3,8% арзандаған.

Мамырда бағаның өсуі баллондағы сұйытылған газға – 1,7%, бензинге – 1,2%, дизель отынына – 0,7% байқалды. Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киім 1,3%, жеке қолдану тауарлары 1,2%, ыдыс-аяқ 0,9%, жуу және тазалау құралдары 0,8% көтерілді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкент қаласында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгісі Павлодар облысында тіркелді – 0,1%.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында – әрқайсында 1%-дан, ақылы қызметтер бойынша Шымкент қаласында, өсім – 2,7%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу