2017 жылдың мамыр айында демалыс маусымының қарсаңында айырбастау пункттерінде қазақстандықтардың АҚШ долларын сатып алу көлемі артқандығы байқалады. Биылғы жылдың сәуір айымен салыстырғанда, өткен айда айырбастау пункттерінде 47,2% немесе 828,1 млн $ валюта сатып алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Валютаға сұраныс резервтік актив сұранысы сияқты жоғарылап келеді, Ағымдағы жылдың 5 айында тұрғындар еліміздегі айырбастау пункттерінен 3,5 млрд доллар сатып алған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 13,2%-ға артық. Алайда, 2014-2015 жылдардағы көлеммен салыстырғанда, бұл көрсеткіш тым баяу, тұрғындардың девальвациялық болжамы әзірге төменгі деңгейде. Айта кетейік, былтырғы жылы қазақстандықтар қаңтар-мамыр айларында 3 млрд доллардан сәл артық сатып алған - бұл соңғы он жылдағы ең төменгі рекордтық көрсеткіш.