"Қазгидромет" РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнбекұлы сәуірдің соңғы күндері мен мамыр айының ауа райы болжамын айтып өтті.
"Ел аумағында сәуір айының 25-не дейін ауа температурасы жоғарылайды. Одан кейін, елдің солтүстік және орталық аймағында түнде –5-ке дейін суытады. Артынша күн райы қайта жылиды", – дей отырып, "Қазгидромет" өкілі мамыр айының ауа райы болжамына тоқталды.
"Ауа температурасының жылнуынан таулы аймақтарында қар ериді. Соның салдарынан Алматы облысында көшкін жүреді деп күтілуде. Мамыр айында ауа температурасы нормадан жоғары болып, сел қаупі қаупі де тауындайды. Жалпы мамыр айында елдің оңтүстігі мен батысында жауын-шашын аз, күн жылы болады. Ал солтүстік пен шығыста керісінше салқын, жауын-шашын мол, тіпті нормадан артық. Бұл аймақта сондай-ақ, секундына 10-15 метр ұйытқыған жел соғады", – деп түсіндірді ол.
Нұржан Көшкін