Мамыр мерекелері күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай 1, 7 және 9 мамырда ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер жұмыс істемейді.
2 және 11 мамыр күндері кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар азаматтарға қызмет көрсетеді.
Бұл күндері кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, мерекелік күндерге сәйкес келмейтін қалған күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер бекітілген кестеге сәйкес штаттық режимде жұмысын жалғастырады.