Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады

105

Биыл мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады. 

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады Фото: РИА Новости

Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

Мамыр айында төрт мерекеде демалыс беріледі.

1 мамыр (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (бейсенбі) – Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр – Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

1 мамыр (жұма) – демалыс, 2 мамыр (сенбі) – жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) – демалыс;
7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
9 мамыр (сенбі) – демалыс, 10 мамыр (жексенбі) – демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) – жұмыс;
27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.

Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу