Мамырда депозиттердің көлемі 2,5%-ға қысқарды

565

Қазақстанда резиденттердің депозиттерінің көлемі 2022 жылғы мамырда 2,5%-ға азайып, 25,242 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мамырда депозиттердің көлемі 2,5%-ға қысқарды

Заңды тұлғалардың депозиттері де бір айда 3,6%-ға, 12,755 трлн теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,3%-ға, 12,487 трлн теңгеге дейін қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 0,3%-ға өсіп, 16,828 трлн теңгені құрады, шетел валютасында – 7,6%-ға азайып, 8,414 трлн теңгені құрады.  

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы мамырда 0,03%-ға аздап, 8,447 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы 9,9%-ға, 4,308 трлн теңгеге дейін (заңды тұлғалардың депозиттерінің 33,8%-ы) төмендеді.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 0,7%-ға өсіп, 8,381 трлн теңгеге жетсе, шетел валютасында, керісінше, 5,1%-ға, 4,106 трлн теңгеге дейін (жеке тұлғалардың депозиттерінің 32,9%-ы) азайды.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,4%-ға азайып, 16,942 трлн теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы депозиттер 11,527 трлн теңгені, шетел валютасында 5,415 трлн теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы мамырда 11,5%-ды (2021 жылғы мамырда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11%-ды (8,6%) құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу