2018 жылғы мамырда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 468 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда - 0,5%-ға, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,3%, жемістер мен көкөністерді - 10,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу