Синоптиктер болжамынша, жалпы мамырда басты астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтіледі.
"Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады", делінген хабарламада.
Бұл ретте Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі, мұнда мамырда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанған.
Елдің қалған аймағында мамырда ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық болып болжанады.