ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ашық НҚА" порталында ведомство басшысының "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығының жобасын дайындап, орналастырды. Құжат демалыс күнін 4 мамыр сенбіден осы жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыруды көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 7, 8 және 9 мамырда демалады.
2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. Мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығының жобасымен сілтемесі бойынша танысуға болады.