Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады?

546

Мамыр айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді. 

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады? Фото: pixabay.com

Мемлекеттік мерекелер аптаның ортасына түседі, сондықтан азаматтар бір күн демалса, келесі күні қайта жұмысқа шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР-дағы мерекелер туралы" Заңның 3-бабына сәйкес 2024 жылы мамырда қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:

Қазақстан халықтарының бірлігі күні - 1 мамыр (сәрсенбі);

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр (сейсенбі);

Жеңіс күні - 9 мамыр (бейсенбі);

Осылайша, қазақстандықтар:

Бес күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: 1 мамыр демалыс, 2, 3 мамыр жұмыс күні, 4 және 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс күні, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс күні, 9 мамыр демалыс, 10 мамыр жұмыс күні, 11 және 12 мамыр кезекті демалыс күндері.

Алты күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе: 1 мамыр демалыс, 2, 3, 4 мамыр жұмыс күндері, 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс күні, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс күні, 9 мамыр демалыс, 10 және 11 мамыр жұмыс күндер, 12 мамыр демалыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу