Депозиттердің өсуі 15 банкте байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz DATA HUB Telegram арнасына сілтеме жасап.
Kaspi жеке тұлғалардың депозит көлемі 4 триллион теңгеден асатын екінші банк болды. Алайда заңды тұлғалардың салымы төмендеу.
Ал Shinhan Bank таң қалдыруын жалғастыруда. Жыл басында мұндағы бизнес депозиттерінің көлемі 70,5 млрд теңгені құраған. 1 маусымдағы жағдай бойынша – 426,8 млрд. теңге. Көрсеткіштер бірнеше ай қатарынан тұрақты және күшті өсуде. Мысалы мамыр айындағы өсім 81,8 млрд.теңге болды.
Аталған банктің несие портфелі 25,5 трлн теңгені құрады. Бұл да тарихи максимум – 1 мамырдағы көрсеткіштен 378,9 млрд теңгеге артық.
Несие портфелі бойынша 21 банктің 16-сы өсім көрсетті. Оның ішінде Al Hilal (7 айда алғаш рет) және Қытай Банкі (жыл басынан бері алғаш рет).
Алайда кешіккен қарыз көлемі де өсуде. NPL90+ несиелерінің көлемі бір айда 37,8 млрд теңгеге өсіп, 927 млрд теңгені құрады. Бұл жалпы несие портфелінің 3,63 пайызын құрайды. Бұған ЦентрКредит банк негізгі үлес қосты. Мұнда NPL90+ көлемі 48,3 млрд теңгеден 72 млрд теңгеге дейін, ал үлесі – 2,06%-дан 2,94%-ға дейін өскен.
Активтер де жоғары көсреткішке жетті. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 45,4 трлн теңгені құрайды. Бұл бір ай бұрынғыдан 530,6 млрд теңгеге артық.
Жыл басынан бері банктердің пайдасы 877,7 млрд теңгені құрады. Заман-Банк минустан шыққан, ал Kaspi-дің айлық табысы алғаш рет 40 миллиард теңгеден асты.