2018 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы мамырмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті, деп хабарлайды статистика комитеті.
Баға алкогольді ішімдіктерге – 11,5%, сүт өнімдеріне – 10,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 8%, кондитерлік өнімдерге – 7,8%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 6,3%, кофе, шай және какаоға – 2,5%, макарон өнімдеріне – 2,2%, жемістер мен көкөністерге – 1,3%, нанға – 0,7%, ұнға 0,5%-ға жоғарылады, ал жармаларға – 18%, қантқа 8,3%-ға төмендеді.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдеріне баға өсімі 8%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі – 9,6%-ға, жылқы етіне – 8,9%, шұжық өнімдеріне – 8,1%, шошқа етіне – 7,8%, қой етіне – 6,9%, құс етіне 1,9%-ға жоғары болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу