Мамырда сыртқы сауда балансы 2,5 жыл ішінде ең төменгі деңгейге жетті

Өйткені экспорт азайып, импорт өсуде.

Мамырда сыртқы сауда балансы 2,5 жыл ішінде ең төменгі деңгейге жетті Фото: Seanews

Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша, мамыр айында Қазақстан шетелге 6,1 млрд доллардан астам сомаға тауар сатқан. 2022 жылдың мамырында экспорт 7,7 млрд долларды, 2022 жылдың сәуірінде экспорт 6,8 млрд долларды құрады. 

Импорт, керісінше, тарихи максимумға жақын. Мамыр айында шетелден 5,3 млрд долларға жуық тауар сатып алынды. 2022 жылдың мамырында импорт шамамен 4 млрд долларды құрады, 2023 жылғы сәуірде – 5 млрд доллардан сәл төмен болды.

Нәтижесінде айдың соңында экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық 855,2 млн долларды құрады, бұл 2020 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу