Мамырдан бастап тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға үй беріле бастайды

1584

Қазір елде баспана кезегінде әлеуметтік ахуалы қиын санаттағы 28 мың отбасы тұр.

Мамырдан бастап тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға үй беріле бастайды

Мамырдан бастап тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға баспана беріле бастайды. Бүгін үкіметтің селекторлық отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр осылай деді.

Оның айтуынша, әзірге жыл соңына дейін 6 мың отбасыға үй беру жоспары құрылған. Баспана 3 механизм бойынша үлестірілуге тиіс. Бірінші – арендалық үй, екіншісі – ТҚЖБ арқылы 2%-бен ипотека алуға мүмкіндік жасау, ал үшіншісі – бұл енді мүлдем тұрмысы нашар көпбалалы отбасыларға ғана арналған. Яғни, Үкімет оларға 8 жарым млн теңгеден береді. Үстіне жергілікті әкімдіктер де ақша қосуға міндеттелген. Оған көлемі 60 шаршы метрден төмен болмайтын үй алынуы қажет.

Қазір елде баспана кезегінде әлеуметтік ахуалы қиын санаттағы 28 мың отбасы тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу