Мамырдың қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 1,2%-ға нығайды

Мұны мамандар салық төлемдері кезеңімен байланыстырды. 

Мамырдың қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 1,2%-ға нығайды Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк мәліметінше, мамырдың қорытындысы бойынша салық төлемдерінің кезеңі аясында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 1,2%-ға, яғни, 447,71 теңгеге дейін нығайды. 

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 152 млн АҚШ долларынан 144 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен ай ішінде шамамен 323 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейдегі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асыруды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу