Мамырдың соңына дейін Түркия халқы жүрдек пойызбен тегін қатынай алады

1231

Бұл сүйінші хабарды президент Ердоған хабарлады.

Мамырдың соңына дейін Түркия халқы жүрдек пойызбен тегін қатынай алады Фото: Anadolu

Жаңадан ашылған Анкара-Сивас бағытындағы жүрдек пойызбен қатынау мамыр айының соңына дейін тегін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында “Анкара-Кырыккале-Йозгат-Сивас бағытындағы жүрдек пойыз жолаушыларды мамыр айының соңына дейін тегін тасымалдайды. Халқымыз үшін сәтті болсын” деп жазды.

Жаңадан ашылған жоғары жылдамдықты пойыз бағыты Анкара мен Сивас қалалары арасын 603 шақырымнан 405 шақырымға дейін қысқартады. 12 сағатқа созылған жол жүру уақыты бұдан былай 2 сағатты құрайды. Барлығы 8 станция бар. Ашылған жаңа бағытпен 1 миллион 400 мың жолаушыға қатынау мүмкіндігі ұсынылады.

Айта кетейік кеше тікелей эфирде өзін жайсыз сезінген президент Ердоған бүгінгі Анкара-Кырыккале-Йозгат-Сивас бағытындағы жүрдек пойыздың ашылу салтанатына қатыса алмады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу