"Мән-мағынасы ерекше": Президент Қазақстанның Ибраһим келісіміне не үшін қосылғанын айтты

129

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мән-мағынасы ерекше": Президент Қазақстанның Ибраһим келісіміне не үшін қосылғанын айтты Фото: Ақорда

– Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауына назар аударуымыз керек. Авраам, яғни, Ибраһим дін тарихында иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ пайғамбар болып есептеледі. Еліміз бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс. Біз түрлі халықтар мен дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз. Сол себепті, осы келісімге қосылғанымыздың мән-мағынасы ерекше, бұл шешім еліміздің халықаралық беделіне оң серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу