"Маңайымызда мысықтілеу мемлекеттер әр қадамымызды бағып отыр"

725

Президент өзінің бір жылда атқарған қызметіне баға берді.

"Маңайымызда мысықтілеу мемлекеттер әр қадамымызды бағып отыр" Фото: Серікжан Қобыланбаев

Өзінің президенттік лауазымдағы бір жылдан астам қызметіне талдау жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев мысықтілеу мемлекеттер іргемізде де бар екенін айтты. 

"Жыл бойы саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бұл саясат алдағы кезеңдерде де жалғаса береді. Елімізді одан әрі жаңғыртуға, дамытуға қатысты идеяларым бар, ол идеяларды халық іс жүзінде сезінгенін қалаймын. Біз мемлекет ретінде де, ұлт ретінде де бір орында тоқтап қалмауымыз керек. Ондай жағдайда ел тоқырауға ұшырайды. Оның зардабы мемлекеттігімізге тиеді. Ауыр тиеді. Ащы да болса айтайын, біз – қазақтар, осынау алмағайып күрделі әлемде, түптеп келгенде, ешкімге соншалықты қажет емеспіз. Өз мемлекетімізге ғана қажетпіз. Осы бір қарапайым қағиданы ешқашан естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі Қазақстанның жетістігін көре алмайтын, "мысықтілеу" саясаткерлер, тіпті мемлекеттер де бізден алыстап кеткен жоқ, маңайымыздан ұзамай, әр қадамымызды бағып отыр. Сондықтан елімізді өркендету, көркейту – тек қана өз қолымызда. Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр", – деді ол "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті телеарнаға сұхбат бергер Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин КСРО ыдырағанда тәуелсіздік алған мемлекеттер "Ресейдің дәстрүлі аумағынан талай жерді сыйға алып кеткенін" айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу