Қырғызстанның "Манас" әуежайы маңындағы саяжайға құлаған Боинг-747 ұшағы контрабандалық жүк тасымалдаған. Мұны парламент депутаты Өмірбек Текебаев мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, ұшаққа жанармай құю үшін "әуежайға" қонудың қажеті болмаған. Себебі ұшақта 13 мың шақырымды ұшып өтетіндей жанармай болған.
Өмірбек Текебаев: "Үкімет шындықты жасырып отыр. Әуе кемесінде ұялы телефон, тоқ шәйнек және өзге де техника болған", – дейді.
Депутаттың ресми сұрауына жауап берген "ACT Airlines" компаниясының өкілі ұшақ әуежайға жүк түсіру үшін қонбақ болған.
Айта кетейік, 16 қаңтар күні Манас әуежайы маңындағы саяжайға "Боинг-747" ұшағы құлаған болатын. Апаттың салдарынан 34 қырғыз азаматы мен 4 экипаж мүшесі қаза болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу