Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы стадионда 22 мамыр күні болған жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды 24.kz.
"Алдын ала болжам бойынша 22 мамыр күні Манчестердің концерттік стадионында болған жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның Лондондағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыс орнатқан. Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияда жүрген Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырады", - дейді бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу