Мандатынан айырылған Садықовтың орнына Ерубаев депутат болмақ

1134

"Ақ жол"партиясы Асқар Садықовтың орнына кім келетінін мәлімдеді.

Мандатынан айырылған Садықовтың орнына Ерубаев депутат болмақ Фото: коллаж inbusiness.kz

"Ақ жол" партиясы харассмент және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мандатынан айырылған депутаттың орнына кімнің келетінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Партияның Ұлттық кеңесі Серік Ерубаевты мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Ол Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты және 2003-2012 жылдары қалалық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар, "Atyrau Construction services ltd" ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс істеді", деп жазылған "Ақ жол" партиясының ресми сайтында.

Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін болады.

Айта кету керек, Асқар Садықов депутаттық мәртебесіне лайықсыз әрекеттері үшін қызметінен айырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу