Мәнерлеп сырғанау академиясы құрылады

1019

Денис Тен қоры өкілдері 2019 жылға арналған жоспарлары мен қор жұмысының алғашқы нәтижелері туралы әңгімеледі.

Мәнерлеп сырғанау академиясы құрылады

Биыл тамызда құрылған Денис Тен қоры журналистер, сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес компанияларының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қордың қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы ұйымның 2019 жылға арналған жоспарлары мен қор жұмысының алғашқы нәтижелері туралы әңгімеледі. Қамқоршылық кеңесінің құрамында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Тарасова, Ұлттық конькимен сырғанаушылар федерациясының басшысы, ҚДБ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев, кинорежиссёр Тимур Бекмамбетов, "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ президенті Сергей Кан бар. Кеңесті ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов басқарады.

"Қор қызметінің негізгі бағыты – Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды танымал ету және дамыту, соның ішінде жоғары жетістікті спортқа арнап кадрларды тиімді түрде іріктеу. Біздің елімізде мәнерлеп сырғанау академиясын құру жоспарда бар. Бұл қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен ниет еткен бастамалар мен жоспарлардың бір бөлігі ғана", –  деді қор директоры Оксана Тен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу